Он үш театрландырылған колонналармен еңбек ұжымдарының, жұртшылық пен жастардың, оқушылар мен мемлекеттік қызметшілердің, әскери бөлімшелер мен кадет корпустарының топтары өтеді. Орталық алаңда орнатылған монитордан ҚР Президенті Н.Назарбаевтың құттықтауын және Астанада өтетін әскери шеруді тікелей эфирден көре алады. Облыстың өрімдей жас азаматтарына төлқұжаттар тапсыру салтанаты болады.
Павлодардағы мереке салтанатты отшашумен аяқталады.