ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсенбі күні 11 сағат 32 минутта Сәтбаев көшесі, 35 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің 151-ші пәтеріне кіре берісте санкцияланбаған жарылыс болды. Абырой болғанда жарылыстың арты өртке ұласқан жоқ, құрбандар мен зардап шеккендер де жоқ. Дегенмен жарылыс салдарынан 1-шіден 4-ші қабатқа дейінгі терезелердің күл-талқаны шығып, №151-ші пәтерге кіреберіс есік қирады.
Оқиға орнында табылған микросхемалар мен чиптардың қалдықтарын Ішкі істер департаментінің сарапшылар тобы сараптамаға алды.
Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 6 техникасы айналысты.