ЖОО студенттері мен оқытушылары, лицей және мектеп оқушылары жерлестерінің шығармашылығы бойынша білімдерін көрсетіп, оның туындыларын оқыды.
Мәшһүр оқуларының екінші күнінде байқауға қатысушылар ақынның туған ауылы - Баянауыл ауданындағы Жаңажол ауылында болды.
Оқулардың бас жүлдесін Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Еркебұлан Рахатжанұлы жеңіп алды. Жүлдегерлер арасында №40 мектептің оныншы сынып оқушысы Егізбек Нағашыбай, педагогикалық колледждің студенті Айнұр Қапанова мен №35 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Жазира Жапар бар.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.