Павлодарда мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Жауқазын» интеллектуалдық олимпиадасы өтеді

ПАВЛОДАР. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда балабақшалар арасындағы «Жауқазын» ІІ зияткерлік олимпиадасының негізгі кезеңі өтеді, деп хабарланды білім басқармасынан.

Оған облыстың 47 мектепалды мекемесінен 96 бала қатысады, бұл өткен жылмен салыстарғанда 2 есеге көп.

Олимпиада баланың тілін дамыту, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін анықтау бойынша тапсырмаларды қамтиды.

Интеллектуалдық сайыстың ұйымдастырушысы - Білім басқармасы және өңірлік «Ертіс дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығы.