Қазылар алқасы баспаның, телеарналар мен радиолардың қазақ тілін насихаттауға қосқан үлесі мен жарық көрген туындылардың сапасын ескере отырып, конкурс жүлдегерлерін анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша ең үздік басылым болып облыстық екі газет «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» таңдалды. «Қазақстан-Павлодар» ТРК мен «Альта-ТВ» телестудиясы ең үздік телеарна атанды. Жеңімпаздар арасында «Павлодартелерадио» мен «Қайран елім» сайты да бар.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдарды табыс еткен облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов бұқаралық ақпарат құралдарына аймақтағы мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.