Медет және Қарлығаш Танкешовтардың отбасының қуаныштарында шек жоқ - желтоқсан айында бұл отбасында Нұрсұлтан, Анар және Шынар атты үшем дүниеге келген болатын. Бұған дейін жатақхананың кішкентай бөлмесінде тұрып келген олар биылғы Наурыз мерекесін жаңа баспанада тойлайды. Қоныс той иелерінің қатарында зейнеткерлер, мүгедектер, жетімдер, соғыс ардагерлері және интернационал-жауынгерлер бар.
9 қабатты үй мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынып отыр.