Павлодарда облыстық тұрақтандыру қорындағы арзан көкөністердің жаппай сатылымы болып жатыр

ПАВЛОДАР. 25 маусым. ҚазАқпарат - Облыс орталығының базарлары мен әлеуметтік дүкендерде Павлодар облысының тұрақтандыру қорындағы көкөністер екі есе төмен бағалармен сатылуда.

Сапалы картоп, пияз, сәбіз бен қызылшаның бір келісі 15-35 теңгеден ұсынылуда.

«Арзан көкөністердің ұйымдастырылып сатылуы тұтынушы нарығындағы бағаларды төмендетіп, тұрғындарды қолжетімді көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қоймалардағы бақша өнімдері жаңа көкөністер түскенше жеткілікті», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Әшімбетов.

Алдағы қысқа облыстық тұрақтандыру қорына үш мың тонна картоп, 500 тонна қызылша, 300 тонна орамжапырақ сатып алынды. Бордақылау шаруашылықтарында тамыз айынан бастап етті сатып алу басталады, тұрақтандыру қорына сарымайды сатып алу үшін ақша бірінші рет бөлінуде. Әлеуметтік сауда нүктелерінде бұл өнімдер коммерциялық базарларға қарағанда арзан бағамен сатылады.