Форумның ашылуында сөз алған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев атап өткендей, кәсіпкерлердің осы бағдарламаға қатысуында үлкен мән бар. Бағдарлама жұмыс істеуде, оның алғашқы нәтижелері форум алдында ашылған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылардың көрмесіне қойылды. Елдегі 16 аймақтан келген 135 кәсіпорынның топтамалары жүзеге асырылған жобалардың соңғы нәтижесі ретінде көрсетілген.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы міне, екі жылдан бері шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына үлкен мүмкіндік ашып келеді. Бұл бағдарлама біз үшін шынымен бұрыннан қажет екені көрінді. Өткен жылмен салыстырсақ, аймақ бойынша шағын және орта бизнес субъектілері 13 пайызға өскен, сол сияқты салық төлемдері де сонша есеге артты.
Бағдарламаның арқасында үш мың жаңа жұмыс орны ашылып, тағы да 5000 жұмыс орны болашақта құрылмақ»,- дейді Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
ҚР экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов форум сессиясында «Бизнестің жол картасын» жүзеге асыру бойынша жасалған жұмыстың сараптамасын жария етті. Оның хабарлауынша, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының барлық бағыты бойынша қазіргі таңда құны 205 млрд. теңге болатын 638 өтініш несиелендірілген.
Форумға қатысушылары бағдарламаны жетілдіру жөніндегі мәселелерді талқылады.