Шараға жас журналистер өңір мектептерінде шығарылатын әртүрлі балалар және жасөспірімдер газеттері мен журналдарының, альманахтарының, сондай-ақ радио және теле бағдарламаларының атынан қатысты. Сонымен қатар облыстық «Сенің әлемің - Твой мир» облыстық балалар газетінің белсенді авторлары да келді.
Оқушылар сарайының баспасөз орталығының директоры Елена Вайберттің айтуынша, қатысушылар арасында мектеп газеттерінің атынан келген қазақ тілді жас тілшілер қатары көп болған.
«Жас қалам» фестивалі қорытындысы бойынша, мектеп БАҚ-тарының өкілдеріне 5 аталым бойынша дипломдар мен сертификаттар табысталды.