Павлодарда полиция старшинасы Ертіс өзеніне ағып бара жатқан колледждің бірінші курста оқитын студентін құтқарып қалды

ПАВЛОДАР. 23 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар Ішкі істер басқармасы потрульді полиция батальонының старшинасы Сұңғат Әлисадықов қалада тұратын жас қыз баланы Ертіс өзеніне батып бара жатқан жерінен құтқарып қалды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Суық жел соғып тұрған өткен жексенбі күні орталық жағалауды бақылап жүрген старшина мен оның қызметтесі бетін мұз басқан суға бір қыздың түсіп бара жатқанын көреді. Қатты ағыс қызды ағызып, теміржол көпіріне қарай әкете бастаған. С.Әлисадықовтың шапшаң қимылы мен ерлігінің арқасында қыз бала құтқарылып, оқиға орнына келген жедел-жәрдем оны ауруханаға жеткізген.

14 жастағы колледждің бірінші курсында оқитын қызды суға секіруге не себеп болғаны анықталып жатыр.