Павлодарда республикалық дебат турнирі басталды

ВЛОДАР. 23 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Әділет жекпе-жегі» республикалық дебат турниріне қатысу үшін жүзден астам жас оратор Павлодарға келді. Аталмыш турнир «NOMAD» жастар бірлестігімен, Қазақстан жастары конгресі мен ішкі саясат бөлімімен бірлесе ұйымдастырылып отыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Кеше «Қоғам мен дінге сенетін жастардың өзара іс-әрекетін нығайту» тақырыбында алғашқы сайыстар болып өтті.

Бүгін және ертең студенттер қазақстандық құқық мәселелерін талқылап, жастар үшін маңызды мәселелер - білім, жұмыспен және баспанамен қамтуды шешудің жолдарын іздеуге тырысады.

Өздерінің пікірталастарына қатысушылар қалалық мәслихат депутаттарын, сот, прокуратура, әділет пен полиция қызметкерлерін шақырыпты.