Солтүстік өнеркәсіп аймағының кәсіпорындарында жұмыс істейтін жолаушыларды жеткізуді жақсарту өтінішін аймақ басшысына жақындағы кездесуде шағын және орта бизнес кәсіпкерлері білдірген болатын.
Бағдар бойынша 15 шағын автобус жүретін болады, деп атап өтті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің көлік бойынша секторының меңгерушісі Марат Асылбеков. Ұзындығы 20 шақырым болатын қозғалыс Саяжай шағынауданынан басталып, Солтүстік өнеркәсіп аймағында аяқталады. Жүргізіп жаттықтыру кезінде қозғалыс желісі өзгеруі мүмкін. Екі ай бойы мұнда «Оптимист» ҚБ-нің көлік техникасы жұмыс істейді, содан кейін бағдар тендерге шығарылады.