Павлодарда тарихшы Ермұхан Бекмахановты еске алуға арналған үлкен конференция өтті

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институында ұлы тарихшы Ермұхан Бекмахановты еске алуға арналған «Ұлттық тарих: заманауи дамыту үрдісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Конференция павлодарлық жоғары оқу орындары оқытушыларының, мектептердің тарих мұғалімдерінің, студенттердің басын қосты. Сондай-ақ оған Мәскеу авиациялық институтының, РФ Білім және ғылым министрлігі жанындағы Отандық тарих орталығының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Нұр Отан» партиясының Павлодар қалалық филиалының, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыстан кейін секциялар жұмыс жасап, оларда Қазақстанның ұлттық тарихы әлемдік тарихи үдеріс жиынтығында, қазіргі мектептерде тарих пәнін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері, мектепте тарихти өңіртануды оқу мәселелері, саясаттану, әлеуметтану, философия сияқты қоғамдық ғылымдардың заманауи үрдісі сияқты бағыттар қарастырылды. Сонымен қатар конференция аясында жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне арналған «Ұлттық тарихтың өзекті проблемалары» атты семинар өткізілді.