07:56, 22 Сәуір 2009
Павлодарда «Тарихта қалған есімдер» сериясының жаңа кітабы шықты
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Тарихта қалған есімдер» сериясының жаңа кітабы шықты.
Жаңа басылым ауыл шаруашылығы саласының танымал қызметкері, жергілікті «Авангард» совхозының басшысы болған Илья Ноздринге (1924-2000) арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Илья Ноздрин: еңбекші және шаруа иесі» кітабын мұрағатшылар Вера Болтина мен Людмила Шевелева әзірледі. Басылымда дарынды ұйымдастырушы, берекелі дихан туралы очерк, оның әріптестері мен бірге жұмыс істеген адамдардың естеліктері, газет беттеріндегі мақалалары жарияланған.Кітап фотосуреттермен иллюстрацияланған. Осынау тамаша адам өмір сүрген дәуірді мазмұндайтын мұрағат материалдары енгізілген. Өз ісінің маманы И. Ноздрин шаруашылықты республикадағы үздіктердің қатарына шығарған болатын.