Павлодарда тікелей тігісті болат құбырларының жаңа зауыты екі млрд. теңгенің тапсырысын алды

ЛОДАР. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Паритет-ПВ» ЖШС Павлодар тікелей тігісті болат құбырларының зауыты шығарылатын өнімдерге деген тапсырыспен толықтай қамтамасыз етілген.

Кәсіпорынды іске қосу шілденің 3-інде болды, осы инвестициялық жобаның іске асырылуы туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңа индустриализация - барлығы үшін жаңа мүмкіндіктер» республикалық телекөпірі кезінде облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев бейнебайланыс арқылы баяндады. Жұма күні аймақ басшысы жалпы сомасы екі млрд. теңгеге өз өнімдерін үш - екеуі қазақстандық және біреуі новосібірлік (РФ) фирмаға жеткізіп беру туралы зауыттың меморандумына қол қоюы рәсіміне қатысты.

Зауыт өнімдері - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың, энергетиканың және құрылыстың инженерлік желілеріне арналған құбырлары - ішкі және сыртқы рыноктарда сұранысқа ие болып отыр.