Павлодарда учаскелiк инспекторды өлтiрген күдiктi ұсталды - ҚР Iшкi iстер министрi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда учаскелiк инспекторды өлтiрген күдiктi ұсталды. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов мәлiм еттi.

"Кеше кешке инспектор әдеттегi қызметiне кiрiскен. Аға лейтенант, үйленген, бiр баласы бар. Учаскелiк пунктте болған. Оған бiр азамат келiп, мойнынан пышақпен соққы жасаған. Ол далаға жүгiрiп шыққанда, оны қуып жетiп тағы 7 рет пышақпен ұрған. Инспектор оқиға орнында қаза тапты. Қылмыскер анықталды, ұсталды, заттай айғақтар алынды. Оның себептерi анықталуда. Оның сөзiне қарағанда, ол өз-өзiне қол жұмсау үшiн инспектордан табельдiк қаруды тартып алуды ниеттенген. Әрине, барлық жағдайлар тергелiп жатыр", - дедi ол.