Павлодарда VІІІ республикалық М. Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі өтті

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы мамандандырылған «Жас дарын» мектебінде «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен VІІІ республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі өтті.

Оған 21 оқушы қатысты. Қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда» немесе «Райымбек, Райымбек» поэмаларының бірін мәнерлеп оқудан, өлең шығарудан, бір минуттың ішінде ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жылдам жауап беруден сайысты.

Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады.