Оған алғашқы кезеңде үздік шыққан4 команда мен Ұлттық лигадағы 4 команда қатысады. Олар Алматы қаласының "Алматы", Теміртау қаласының "Металлург АМТ", Орал қаласының "Грация-KZ", Өскемен қаласының "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс", Астана қаласының "Астана", Қарағанды қаласының "Қарағанды", Павлодар облысының "Ертіс-Қазхром", Алматы облысының "Жетісу" волейболшылары. Ал жарыстың алғашқы күні жетісулықтар оралдықтармен, қарағандылықтар алматылықтармен, астаналықтар теміртаулықтармен, өскемендіктер павлодарлықтармен кездеседі.
11:26, 03 Қазан 2011
Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді
; АЛМАТЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Павлодарда 4-11 қазанда Орталық стадионның спорт кешенінде волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді.