Қылмыстықпен қоса олар материалдық жауапкершілікті де мойнына алып, мемлекетке келтірілген шығынды өтеді.
Биылғы жылы соттар прокуратураның сомасы 312 мың теңгеден астам және арнайы қызметтердің сомасы 56 мың теңгеден астам төрт талап-шағымын қанағаттандырды. Қазіргі кезде сотта сомасы190 мың теңге болған азаматтық іс қарастырылуда. Тағы төрт қылмыстық іс бойынша айыптылар анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
2012 жылдың ақпан айынан бері Қылмыстық кодексте «жалған лаңкестік» бабы бойынша жазалау мерзімі көбейтіліп, алты жылға дейін бас бостандығынан айыру, жеті жылға дейін шектеу және 200-ден 500-ге дейін АЕК ретіндегі айыппұлды қарастырылған.