Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
23 мамыр күні жасөспірімнің әкесі полицияға арызданып, оның қызы «Яблонька» бағбандық шаруашылығындағы саяжайлық үйде зорланғанын хабарлады. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында анықталғандай, сол күні аталған қыз өзінің құрбысымен бірге таксимен таныс жігіттерге саяжайға барған. Жапа шеккен қыздың құрбысы көп ұзамай танысымен кетіп қалған. Жігіттердің бірі жалғыз қалған қонақ қызды саяжайлық үйіге кіргізіп, қоқан-лоқы көрсете отырып зорлаған.