Павлодарда жоғары оқу орындары мен колледждерінің түлектері бөлінді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда облыс орталығындағы үш жоғары оқу орындары мен екі колледж түлектері бөлінді.

Биылғы жылы педагогтік мамандықтарды жоғары оқу орындарының 805, колледждердің 334 түлектері алып шығады, деп хабарлады Білім басқармасының маманы Балжан Әділханова.

Жоғары оқу орындарындағы 87 түлек ауыл квоталары бойынша, 77-сі - қалалар мен аудандар әкімдерінің гранттарымен, 413 түлек - Қазақстан Республиквасының білім гранттары бойынша білім алып шықты.

Б.Әділханованың айтуынша, оларды бөлген кезде түлектердің дипломдарының орташа баллы рейтингісі ескерілді. Бөлу қорытындысымен 520 түлек облыстың білім ұйымдарына жолдама алды, олардың ішінде жоғары оқу орындарының 361 және колледждердің 169 түлектері бар.

Кадрларға қажеттілікті қамтамасыз ету үшін білім басқармасының, аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің өкілдері Семей, Қарағанды Астана, Алматы қалаларындағы бос орындар жәрмеңкелеріне қатысуда. Жаңа оқу жылында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің 19 түлегі Павлодар облысына жұмысқа келуге ықылас білдірді.

Соңғы үш жылда облыс мектептеріне мың жарым жас мамандар келді. «Диломмен - ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында (2009-2015 жж.) облыс мектептеріне 2770 мұғалім келді.