Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
— «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолындағы Ямышев ауылының маңында отын сорғысында ақау шыққанына байланысты жолаушылар автобусының тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті. Көлік Қарағанды қаласынан Өскемен қаласына жолға шыққан. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолаушылар мен жүргізушіні эвакуациялады. Олар Ямышев ауылындағы мектепте орналасқан жылыту пунктіне жеткізілді. Жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды, - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Кейін олар Астана-Өскемен бағыты бойынша келе жатқан басқа автобуспен сапарларын жалғастырған.
Еске саала кетейік, ауа райының бұзылуына байланысты СҚО-да жол жабылды.
Күн райына байланысты Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.