Ол «Қазэнергокабель», «KSP Steel», «Павлодар мұнай-химия зауыты», «Қазақстан алюминийі», «Трамвай басқармасы» кәсіпорындарында, «Крендель» кофеханасында түрлі мамандықтар бойынша жұмыс атқаратын 18-29 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер арасында өткізілді.
«Байқау түрлі мамандықтардағы жас жұмыскерлердің жетістіктеріне назар аудартты. Ол өз өндірісіндегі шеберліктің беделін көрсетті», - деп атап өтті оның ұйымдастырушысы, «Томирис» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нелли Айтжанова.
Байқау жеңімпаздарына салтанатты жағдайда дипломдар мен сыйлықтар табысталды.