Оқушылар конкурс аясында «Көңілашар» бағдарламасына, «Туған қалама» экологиялық акциясына және «Біз біргеміз» спорттық эстафетасына қатысты. Балалар сондай-ақ, балалар баспасөзінің фестиваліне қатысты.
Қазылар алқасы оқушылардың үлгерімін, қоғамдық істерге белсенді атсалысуларын, бос уақыттарын мазмұнды өткізулерін де ескерді. «2010 жылдың ең үздік сыныбы» конкурсының ақтық кезеңіне бес ұжым шықты, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Бұл конкурсты Балалар шығармашылығы орталығы мен Павлодардың білім бөлімі ұйымдастырды.