Ұлттық киім киген бозбалалар мен бойжеткендер қонақтарды рождестволық әндермен қарсы алып, оларға «колядки» тәтті тоқаштардан дәм ұсынды.
Өнер ұжымдары інжіл сюжеттеріне негізделген сахналық қойылымдар көрсетті. «Құтқарушының туылғаны туралы пірәдарлар көкте туылған жаңа жұлдызды көріп білген. Содан бері ол рождестволық мерекенің міндетті көрінісі. Святки мейрамында өмірге қуану, тәтті тағамдар дайындап, қонақтарға тарту керек», дейді беларус бірлестігінің жетекшісі Любовь Богнат.
Достық үйінде өткен мерекеде балалар мен ересектер бірге көңіл көтерді. Кеш бойы әндер айтылды, би ансамбльдері өнер көрсетті.