Жаңа сахналық көріністің режиссері, ҚР еңбек сіңірген әртісі әрі театрдың белді мүшесі Рауза Тәжібаеваның айтуынша, қойылымға автордың өзі келуі мүмкін.
- Қазіргі таңда әлемде терроризм тақырыбы өте ауқымды талқылануда. Бұл қойылымды таңдап алуымыздың себебі де сол. Жаңа спектакльдің көрерменге салар ойы да осы бағытқа арналған. Қойылымға бір ай көлемінде дайындалдық, - дейді Р. Тәжібаева.
Айта кетерлігі, бұл - Рауза Тәжібаеваның алғашқы жұмысы емес. Бұған дейін режиссер Шоқан Уалихановтың «Ақнұр» және балаларға арналған «Аяз Ата таяғы» атты қойылымдарымен жұмыс жасаған.
Рауза Тәжібаеваның сөзіне сүйенсек, «Адасқандарды» сахналауға жас таланттар да еңбек сіңірген. Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында білім алып жүрген Айсұлу Шаріпова сахнаның декорациясымен айналысқан. Айта кетерлігі, жас өнерпаз өзінің дипломдық жұмысын осы тақырыпта қорғамақ.
21:34, 27 Қаңтар 2016
Павлодардағы Ж.Аймауытов театрының ұжымы экстремизм жайында қойылым қоймақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28, 29 қаңтар күндері Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының сахнасында Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, драматург Кеңес Жұмабековтың «Адасқандар» қойылымы көрсетілмек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.