Мұндағы жасыл алқапта шағын жолдар мен орталық алаң плиткалары төселуде, бұл жерде танымал ағартушы, зерттеуші Ш.Уәлихановтың және оның замандасы, этнограф, саяхатшы Г.Потаниннің мүсіндік композициялары орнатылады. 1847 жылы Омбы кадет корпусында танысқан Шоқан мен Григорий Николаевичті кейіннен үлкен достық байланыстырған.
Саябақ аймағын қалпына келтіру үшін облыстық бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді. Саябақта су құбыры өткізіліп, шамдар орнатылады, орындықтар қойылады.