Бұл орталықтың басты міндеті - «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасына қатысушыларға көмек көрсету.
Орталық мамандары өз беттерінше жұмыс істейтіндерді, жұмыссыздар мен тұрмысы төмен тұрғындарды оқу курстарына тарту жөніндегі белсенді жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылы кәсіби дайындау, қайта мамандандыру және біліктілікті жетілдіру курстарына 1 010 адам жолданады. Павлодар колледждерінің базаларында кез келген техникалық кәсіпті игеруге немесе дипломды медициналық жұмыскер атануға болады.
Курсқа түскендерге стипендия беріледі, оқу орнына барып-келу жолақысы және тұратын жері үшін субсидия төленеді, сондай-ақ олардың жұмысқа тұруларына көмек көрсетіледі.