Бұл жерде әр болашақ анаға жеке бір бөлмелі палата ұсынылады. Барлық палаталар қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі күні мемлекет денсаулық сақтау басқармасының жүйесі тиімді дамуына ден қоюда. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының кеңестеріне сәйкес, перинатальды күтіп-бағу бағдарламасына көшу жайы қарастырылуда.
Сол талаптарының бірі - болашақ ананы жеке бөлмемен қамтамасыз ету.