Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпорындар 541 млрд. теңгеге ірі өндірістер мен фирмаларға тауарларды жеткізу бойынша келісім-шарттарға қол қойды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.
Бұл деректерді ірі және шағын бизнес өкілдерінің «Қазақстандық үлес - кәсіпкерлікті дамытудың негізі» жиынында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Қанат Шәбенов келтірді.
ШОБ кәсіпорындарында шығарылатын тауарлар көрмесі бұған көрнекі дәлел бола алады. Қысқа уақыт ішінде жуғыш құралдарының түр-түрін игерген «ҚазБытХим» жаңа кәсіпорыны өз өнімдерінің көлемін едәуір арттыруға қол жеткізді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша жаңарту және ұлттық компаниялардың тапсырыстары «Формат маш компании» ЖШС мен «Технологиялық желілер» ЖШС-да қосалқы бөлшектер мен жинақтау бұйымдарының шығарылуын жолға қоюға мүмкіндік берді.
Жиында жаңа технологияларды енгізетін және өнімнің сапасын арттыруға жұмыс істейтін кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары талқыланды.