Павлодарлық фермерлер Қырғызстаннан тасымалданатын картоптан қауіптенуде

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақсу қаласының ауылдық аймағында орналасқан «Парамоновское» шаруа қожалығы Қырғызстаннан тасымалданатын картоптан қауіптенуде.

Бұл жағдайға қатысты алаңдайтындығын аталмыш шаруа қожалықтың басшылығы Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке мәлім етті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
- Соңғы кездері елімізге Қырғызстанның шекарасынан енгізілетін картопта жұмыр құрт анықталған 10 оқиға орын тіркелген. Бұл - аса қауіпті зиянкес. Көрші елдегі министрлікке бірнеше мәрте картоп тасымалдауға шектеу қою туралы өтініш жолданған болатын. Осыған байланысты қандай да бір шара қолданыла ма?, - деді фермер. "Жыл басынан бері Қырғыстанның шекарасында біздің фитосанитарлық инспекторлармен картоптың зақымдануы бойынша 20 оқиға тіркелген. Әрбір жағдай жеке ратификацияланып, тиісті фитосанитарлық инстанцияға құжат жолдадық. Мемлекеттің ішінде бақылау күшейтілуі керек, себебі біздің елге тауар жөнелтілмес бұрын олар өздерінің санитарлық сертификаттарын береді. Бұдан кейін сапасыз тауар анықталатын болса, бұл олардың бақылау қызметі тиісті деңгейде жүргізілмейтіндігін білдіреді. Бүгінгі таңда бірінші вице-премьердің қолы қойылған хат оның Қырғызстан еліндегі әріптесіне жолданған болатын, алайда ешбір шара қабылданбады. Қазіргі таңда бақылауды күшейтіп, жауап күтіп отырмыз. Егер де мұндай жағдай қайталанса, Қазақстан азық-түлік өнімдерін тасымалдауды шектеу бойынша шара қолдануға мәжбүр болады, - деп жауап берді бұл сауалға министр.