«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшылары» қатарына кірген жаңа кәсіпорын бұрынғы павлодарлық химиялық зауыттың аумағында салынған. Жобаның құны - 108 млн. доллар.
Өндірісте экологиялық қауіпсіз әдістер қолданылады. «Uhdenora S.P.A.» (Италия) компаниясының басқару құрылғылары заманауи экологиялық талаптарға сай келеді.
«Каустик» АҚ-ның жылдық жобалық қуаты - 30 мың тонна сода, 26 мың тонна қою хлор, 45 тонна тұз қышқылын және 6,6 мың тонна натрий гипохлоридін өндіру.
Жаңа кәсіпорынды пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланып отыр.