Павлодарлық кеденшілер 6 келідей героин тәркіледі

ПАВЛОДАР. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы «Өрлітөбе» бекетінің кеденшілері иісшіл иттің көмегімен автокөлікті тінту кезінде 4,9 келі героин тапты.

«43 жастағы Қазақстан азаматы Қарағанды-Омбы» тас жолымен келе жатқан. Оның көлігін тексеру кезінде капоттың астындағы құпия орыннан есірткі салынған 18 түйіншек табылды. Бұл павлодарлық кеденшілердің ағымдағы жылы тәркілеген есірткінің алғашқы ірі партиясы», деп хабарлайды кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Индира Әбілева.