«Бізді құрамның техникалық жағдайы, төсек-орын жабдықтары, вагондардың санитарлық жағдайы мен жолсеріктердің жұмысы қызықтырды», - деп атап өтті павлодарлық көлік прокурорының аға көмекшісі Данияр Жақыпбеков.
Акцияға қатысушылар теміржолшылар жұмысынан кемістік тапты. Вагондардың бірінде санитарлық тораптың тазалығы сақталмаған, енді жолсеріктер әкімшілік жазаға тартылады.