Павлодарлық полицейлер із-түзсіз жоғалған екі ер адамды іздеп тапты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер із-түзсіз жоғалған 1984 жылы туған ер адамды тапты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен. Оны ағымдағы жылдың сәуірінен әпкесі іздеген.

Сондай-ақ 59 жастағы ер адам табылды. Ол ағымдағы жылдың қарашасында үйден кетіп, оралмаған.

«Құқықтық тәртіп» шарасы аясында облыста іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша жұмыс үдей түсті.

Ақтоғай ауданындағы ауылдардың бірінде жедел қызметкерлер 1986 жылы туған азаматты ұстады. Ол 2015 жылдың тамызында біреудің мүлкін ұрлағаны үшін іздеуде жүрген.

Железин АІІБ уәкілдері ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өткен 21 жастағы тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамды ұстады.