Заңсыз сақталып келген 17 бірлік қару және оқ-дәрілер тәркіленді, ұрланған екі көлік табылды. Азаматтық қару-жарақтардың 7 мың жеке иесін тексеру барысында 94 заңбұзушылық анықталды. Алкоголик, нашақор және отбасы шырқын бұзушы 560 адам есепке қойылды.
Полицейлер сондай-ақ, қоғамдық жерлерде ішімдік ішу және мас болып жүру, рульге мас болып отыру, Қазақстанның аумағында жүріп-тұру ережесін бұзу сияқты 860 әкімшілік заңбұзушылықты анықтады. 176 қаңғыбас пен қайыршы ұсталды.