Павлодарлық студент спорттық акробатикадан Азия чемпионы атанды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетінің денешынықтыру және спорт кафедрасының студенті Дмитрий Федькович Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия чемпионатынан жеңіспен оралды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Дмитрий - спорттық акробатикадан халықаралық кластағы спорт шебері, Қазақстан Республикасы Кубогының иегері, әлем чемпионы.

ПМУ-дің студенті спорттағы серігі Ангелина Яницкаямен бірге сәтті өнер көрсетіп, мадальдарды бірінен соң бірін олжалап келеді. Дмитрий осыған дейін талай биіктерді бағындырған. Олардың қатарында халықаралық жарыстар мен беделді сайыстар бар.