Павлодарлық студенттер - еркін күрестен Бүкілресейлік турнирдің жүлдегерлері

ПАВЛОДАР. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Красноярскіде өткен еркін күрестен ХІ ашық Бүкілресейлік турнирден наградалардың толық жиынтығымен оралды.

72 келі салмақ санатында Эльмира Сыздықова алтын медаль, Мамед Ибрагимов (96 келі) күміс медаль жеңіп алды. Аймангүл Төлеухан 55 келі салмақ дәрежесінде қола медаль еншіледі.

Павлодарлықтар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Әзірбайжан спортшыларымен бақ таластырды. Әр санат бойынша 50-ден астам қатысушы қатысты, 66 келі салмақ дәрежесінде күресушілердің саны рекордты болды - 73.