Павлодарлық судан құтқару қызметінің мамандары елдегі ең таңдаулы деген атаққа ие болған, бұл жерде үздік сүңгуірлер жұмыс істейді, деп атап өтті Павлодар облысы ТЖД-нің басшысы Дәулет Айтжанов.
Он бес жылда кішкентай ғана судан құтқару қызметі ең қиын жағдайларда адамдарға көмек көрсете білетін, жақсы жабдықталған апаттық-құтқару мамандары қалыптасқан кәсіби құрылымға айналды.