Агенттіктің тілшісі жұмысқа бара жатып, «ерекше» таксидің жолаушысы атанды. - Үнемі бір сұрақтар қойылады. Соңғы төрт жылда бір де бір рет сауалдарды өзгерткен емеспін. Сол уақыттың ішінде бір адам ғана ПМУ-де тарих пәнінің оқытушысы жеңімпаз атанды. Оны тегін жеткізіп салғаныма қатты қуандым. Павлодарлықтар туған қаласының тарихын жақсы білсе екен деймін. Ломов көшесі кімнің құрметіне аталғанын білмейтіндері қандай өкінішті, - дейді жүргізуші. Ал ол адам Павлодар қаласы үшін қаншама еңбек етті. Жол-жөнекей жолаушыларға сауал қоятын жүргізуші әрі қарай викторинасын жалғастыру үшін сұрақтар мен жауаптардың сырын ашпауды өтінді.
01:34, 10 Желтоқсан 2015
Павлодарлық такси жүргізушісі үш сұраққа жауап берген адамды тегін тасымалдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық Талап есімді таксист кездейсоқ жолаушыларға туған өлке туралы үш сұрақ қояды және дұрыс жауап берген жағдайда жолақысын алмайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.