Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Оның тұлғасы саусағының іздері арқылы анықталды. Ол 1974 жылы туған, бұған дейін сотталған, еш жерде жұмыс істемейтін облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Қылмыстың ізі суымай ашылды. Тұрақты мекенжайы жоқ, бұған дейін ұрлық үшін сотталған 35 жастағы ер адам ұсталды. 6 шілде күні олардың масайған отырысы жанжалға ұласып, нәтижесінде күдікті танысына пышақ сұғып алғаны анықталды.
ҚР ҚК 103 бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сезікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.