Павлодарлық тәртіп сақшылары қазақстандық полицияның 20-жылдығын тойлады

ПАВЛОДАР. 23 маусым. ҚазАқпарат - Павлодарда қазақстандық полицияның 20-жылдығын тойлау қызметтік парыздарын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлер рузына орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Салтанатты жиналыста өңір басшысы Ерлан Арын  ІІД-нің жеке құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтап, тәртіп сақтау ардагерлерне мақтау грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.

 «Бұл қазақстандық полицияны құрудың көш басында тұрғандар мен бүгінде оны нығайтуға күш салып жүргендерге деген шексіз алғысымыздың белгісі», - деп атап өтті облыс басшысы. Осыдан кейін ІІД-нің ең үздік қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табыс етілді.

 «Бүгінде полиция қызметкерлерінің қылмыспен күресіп, тәртіпті күшейтіп, халықты қауіп-қатерден сақтауына барлық жағдай жасалған», - деп атап өтті ІІД басшысы Сұлтан Күсетов.

 Салтанатты шара барысында ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ерлан Арынға «Қазақстан полициясының 20 жылдығы» мерейтойлық белгісі табыс етілді.