Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Аманжол Исабековтың «Биология және химия сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» баяндамасын Ақтөбе қаласының Халықаралық экология және инженерия академиясы Мәскеу қаласына ғылыми-тәжірибелік конференцияға жіберген.
- Конференция ғылыми мақалалар жинағын жариялаумен жылына 1 рет өткізіледі. Шараға шығармашылық,зерттеу жұмысымен айналысатын Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының жалпы білім беру мектептерінің, колледждер мен жоғары оқу орындарының 100-ден астам мұғалімі қатысты, - дейді А. Исабеков.
14:38, 14 Наурыз 2016
Павлодарлық ұстаз Ресейде «Алтын қанат» төс белгісімен марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «Жаңа технологиялар және педагогикалық тәжірибе» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы бойынша ҚР Павлодар облысы Железин ауданы Озерный мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Аманжол Исабеков «Алтын қанат» төс белгісіне ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.