Павлодарлық жас музыканттар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған фестиваль өткізді

ЛОДАР. 12 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық фестиваль-конкурс мәреге жетті.

Бұл байқауға балалар музыка мектептері мен мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысты, деп хабарлады білім басқармасынан.

Ішекті, үрмелі және соқпалы аспаптарда өнер көрсеткен жас орындаушыларды құрамына танымал музыкант-педагогтар кірген қазылар алқасы бағалады.

Жас скрипкашылар Мәдина Адамова мен Омар Қуанышев, сондай-ақ Давид Владовский (соқпалы аспап) мен Расул Нұртазин (валторна) - фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. Олардың барлығы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың оқушылары. Сондай-ақ виолончелист Ярослав Кучерявых та бас жүлдені қанжығалады. Ол - Павлодардағы №3 музыкалық мектептің оқушысы.

Бұл фестиваль-конкурс жас музыканттардың өнерін тамашалауға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін игі дәстүрге айналып отыр.