Билеттерден түскен қаражат «Самал» қоғамдық оңалту орталығына тапсырылды. Онда емделетін сал ауруына шалдыққан науқас балалар үшін бұл концерт игі бастама, нағыз мереке болды.
«Біздің белсенділеріміз балаларға қамқорлық көрсетіп, көңіл бөліп, көмек беруге тырысуда. Бұл бізді қуантады. Біз әрі қарай да оңалту орталығына көмектесуді көздеп отырмыз», деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Сапар Шалабаев.