ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, комиссия 1359 қаруға 75 млн. теңгеден астам сыйақы бөлу шешімін шығарды, травматика иелеріне шамамен 54 млн. теңге аударды.
Шара барысында облыс бойынша тіркелген 2140 қарудың полицияға 1862-сі тапсырылды.
Полицейлер ҚР ҚК енгізілген өзгерістерге байланысты осындай қаруды сақтаған адам ҚР ҚК 287-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл баптағы санкция 2 мыңға дейінгі АЕК көлемінде айыппұл төлетуді, не түзету жұмыстарын, не бір жылға дейін бостандықты шектеу, не осы мерзімге дейін бостандығынан айыру жазаларын қарастырады.