Бұл туралы мұрағаттар мен құжаттар басқармасы мәлім етті.
1941 жылдың шілде айында Солтүстік Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарынан шақырылған жауынгерлерден Петропавл қаласында құрылған 314-атқыштар дивизиясында соғысқа қатысқан облыс тумалары жайлы тың деректер табылды.
Қазақстандықтар Ленинград пен Синявинск биіктігі іргесін қорғаған. Павлодар мұрағатының қоры майданға қатысқан жауынгерлердің марапат қағаздарының көшірмесімен, күнделіктері және еске алу кітапшалырымен, қаза тапқан және аман қалған майдангерлердің тізімдерімен, суреттермен және кітаптармен толықтырылды.