Орталық алаңда салтанатты шеру және әскери парад болады. Ал қаланың бас сахнасында «Жеңіс музыкасы» театрландырылған қойылымы мен концерттік бағдарламасы өтеді.
Сондай-ақ, ардагерлер скверіндегі ашық сахнада Қазақтың Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы студенттерінің орындауында соғыс жылдарының танымал әндері орындалады, Ресейдің халық әртісі Екатерина Шаврина өнер көрсетеді.
Жеңіс күнін тойлау мерекелік отшашумен аяқталады.