Пермьдегі өрт кезінде зардап шеккен 21 адамның жағдайы аса ауыр

АСТАНА.  Желтоқсанның  15-і. ҚазАқпарат   - Пермьдегі өрт кезінде     зардап шеккен 21 адамның жағдайы    аса ауыр.

 Бұл туралы     бейсенбі күні Ресейдің  Денсаулық сақтау  және  әлеуметтік  даму министрлігінен   хабарлады.

 Естеріңізге сала кетейік,  желтоқсанның  5-іне  қараған  түні Пермьдегі  түнгі клубтардың бірінде  болған өрттің салдарынан  120-дан астам   қаза  тапқан болатын. Көз жұмғандар  саны күннен күнге өсіп те барады.  Ал 130-дан  астам  жаралыны     Пермь, Санкт-Петербор,  Мәскеу және Челябі  ауруханалары   қабылдады.