Пермьдегі өрт туралы іс бойынша қамауға алынғандарға айыптар тағылды

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Пермь клубындағы өрт туралы іс бойынша тұтқындалған төрт азаматқа айыптар тағылды. Оларға «Адам денсаулығына абайсыз ауыр зардап келтіру, сондай-ақ екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері» бойынша айып тағылуда,

деп    хабарлайды  «Маяк»  радиосы. 

Тергеу   мәліметтері  бойынша,  айыпталушылардың  барлығы  болатын пиротехникалық   шоу  туралы, сондай-ақ  көп адам   қатысатын   шара  өткізу кезінде  отшашуға салынған тыйым   туралы     білген.

Пермьдегі  «Хромая  лошадь»     клубында өткен  мерекелік  шараға 300-ге жуық  адам жиналған.   Өрт  басталған  кезде, адамдардың арасында  үрей  туындап,  қыспақ    орын  алған.   Қайғылы оқиғаның салдарынан 113 адам  опат  болды.